НДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Арнайы табиғат пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi. Өндiрiстiк экологиялық бақылаудың мақсаттары:

1) табиғат пайдаланушының экологиялық саясатына, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiне және қоршаған ортаға ықпалды әсер ететiн өндiрiстiк процестердi реттеу аспаптарына қатысты шешiмдер қабылдау үшiн ақпарат алу;

2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

3) табиғат пайдаланушының өндiрiстiк процестерiнiң қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуiн мейлiнше азайту;

4) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдалану НДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ тиiмдiлiгiн арттыру;

5) тосын жағдайларға жедел кiдiрiссiз ден қою;

6) табиғат пайдаланушылардың басшылары мен қызметкерлерiнiң неғұрлым жоғары деңгейде экологиялық хабардар болуы мен жауапкершiлiгiн қалыптастыру;

7) кәсiпорындардың экологиялық қызметi және халықтың денсаулығы үшiн қатер туралы жұртшылықты хабардар ету;

8) экологиялық талаптарға сәйкестiктiң деңгейiн арттыру;

9) қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiнiң өндiрiстiк және экологиялық тиiмдiлiгiн арттыру;

10) инвестициялау және кредит беру кезiнде экологиялық тәуекелдердi есепке алу болып табылады.

Өндiрiстiк экологиялық бақылауды табиғат пайдаланушы әзiрлеген өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы негiзiнде табиғат НДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ пайдаланушы жүзеге асырады. Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасында өндiрiстiк экологиялық бақылау процесiнде қадағаланып отыратын мiндеттi параметрлер тiзбесi, оның мерзiмдiлiгiн, ұзақтығы мен өлшемдер жиiлiгiн айқындау критерийлерi, пайдаланылатын аспаптық немесе есептiк әдiстер белгiленедi. Өндiрiстiк экологиялық бақылау шеңберiнде өндiрiстiк процестiң тиiмдiлiгiн экологиялық бағалау қоршаған ортаға эмиссиялар, зиянды өндiрiстiк факторлар деңгейiн, сондай-ақ табиғи, энергетикалық және өзге де ресурстарды тұтынудың нақты көлемiн өлшеу негiзiнде және (немесе) есептеу негiзiнде жүзеге асырылады.

Өндірістік шаруашылық кәсіпорындар мен басқа да шаруашылық субъектілері өндірістік экологиялық бақылаудың аясы НДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ болып қызмет етеді. Оның жүргізілуінің маңыздылығы кәсіпорындар табиғат пайдаланушылардың негізгісі болып табылатындығымен түсіндіріледі. Құқықтық талаптар мен қоршаған ортаны қорғау негізінен соларға бағытталған.

Өндірістік бақылаудың мазмұны кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Экологиялық бақылауды кәсіпорын басшысы, атқару қызметінің мен өндірістік сала жетекшілері жүргізеді.

Өндірістік бақылаудың тиімділігі көбінемемлекеттік бақылау органдарымен өзара бірлескен әрекеттерімен байланысты болады. Өзара бірлесіп жұмыс істеу табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін әртүрлі деңгейде арттырады.


documentapvrqjx.html
documentapvrxuf.html
documentapvsfen.html
documentapvsmov.html
documentapvstzd.html
Документ НДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ